Аспаздар мейрамханаларда, кафелерде және басқа да қоғамдық тамақтану орындарында, отельдерде, кеме борттарында, жолаушылар пойыздарында, емдеу мекемелерінде және жеке үйлерде тағамды рецепттерге сәйкес немесе бас-аспаздың бақылауымен жоспарлайды, ұйымдастырады, даярлайды және дайындайды.
Аспаздың орташа жалақысы 100 мың теңге аралығында.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің ботаника, химия саласында білімі болуы керек.
Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе - 5 жыл.
Аспаздың бойында мұқияттылық, нақтылық, ұқыптылық, көркемдік талғам мен қиял болуы керек.
Жас маман ақпараттың үлкен көлемі сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін. Өйткені әр тағамның ерекшелігі бірегей және оны зерделеу үшін уақыт қажет. Сонымен қатар үнемі түрегеп тұрып жұмыс істеу керек.
Мамандық шығармашыл, сонымен қатар өте бағалы мамандықтың бірі. Бірақ маманның денсаулығы, әсіресе көру қабілеті жақсы болуы керек. Жылу сәулелендіру және өткір құралдармен байланысты кәсіби қауіптерді есте сақтаған жөн.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек